Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі.
Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, — деп Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев айтқандай орманды сақтау, оны қаз-қалпында келер ұрпаққа табыстау аса маңызды шаруа.
Орман – жердің көркі, мұны мектеп партасындағы оқушы да біледі. Алайда, соңғы жылдары еліміз түгіл, бүкіл дүниежүзі бойынша орман алқаптарының аумағы қысқарып, ағаштар адам тұрмысы үшін ірі көлемде пайдалануы алаңдатарлық жайт.
«Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ», демекші табиғатың бір бөлшегі болып табылатын орманда шексіз емес. Мұнын сыртында өнеркәсіптік игеруді айтпағанда жасыл желек ағаштарға өрттің де қауіпі орасан зор екендігі даусыз. Ормандағы өрт табиғи жолмен қатар адамдардың кесірінен пайда болады. Мұның сыры табиғат баурайында демалып тынығуға шыққан кей азаматтар қауіпсіздік ережелерің сақтамай жәнеде шөп шабу, бидай, арпа науқандарында өрт шығып жатады. Бұл жүйеде сол орманды мекендейтің аң-құстар мен түрлі тіршілік иелері де осы осы өрттің зардабын тартады. Құмдардың көшіп жүруіне тосқауыл ретінде орман ағаштары әртүрлі пайдасын тигізуде солардың бірі сексеуіл, жынғыл, ешкі тал сияқты орман қорларын сақтау. Сондықтан еліміздің фаунасын келер ұрпаққа мұрагер ретінде қалдыруымыз үшін орманға серуенге шыққанда өрт қауіпсіздік ережесін мүлтіксіз орындағанымыз жөн. Жалпы ормандағы өрт көбіне көктемнің сонында және мына осы жаз аяғы күздің қыркүйек қазан айларында көп тіркеледі. Қураған шөпке түскен темекі тұқылы алып алқаптың өртке орнауына қауіп төндіретіндіктен орманда отқа ас пісіру түгілі шылым шегу қатерлі тілсіз жауды ауыздықтау мемлекет үшін көп шығын алып келеді. Осыған орай құрметті табиғат аясына келіп демалушылар мен орман пайдаланушылар табиғатта болған кезде Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесің қатаң сақтап отты арнайы белгіленген жерлерде жағуды ескертеміз себебі от – тілсіз жау! Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын да естеріңізге салады!
Е. АЙТЖАНОВ,
Бөрлітөбе ОШКММ-нің Көкжиде орманшылығының орманшысы.
