
Осы орайда Сарқан ауданының Полиция бөлімі қызметкерлерімен қоғамға қарсы бағытталған кәмелетке толмағандардың топтарын, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жүрген жасөспірімдерді анықтауға, оларды профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіледі.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Іс-шара аясында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып, полиция бөлімі және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орындары араланып, профилактикалық есепте тұратын «Қолайсыз отбасылар» және жасөспірімдердің тұрғылықты мекен-жайларынан профилактикалық бағыттағы тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.
