«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін жетілдіру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдауға мүмкіндік беретін  «Краудсорсинг» жобасын іске қосты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтік желілер және кері байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлі проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистерді жетілдіру бойынша көптеген өтініш-ұсыныстар түсіп жатыр. Енді ықылас танытқан әрбір азаматтың мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгізушілер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистерді жетілдіру бойынша инновациялық идеяларын күтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тілектердің барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тілектерді мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен құрылған комиссия сараптамадан өткізіп,  таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшін https://www.gov4c.info/ сілтемесі арқылы өтіп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пікірлер жазып, тіпті бағалай алады.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

 тел.: 8 7172 955154

e-mail: pressa_nao@goscorp.kz

Мәліметпен бөлісу: