
«Sarqan jastary» филиалының ұйымдастыруымен өткен «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында еріктілер мен белсенді жастар қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің тазалығына әр азаматтың үлес қосуына үндеу болды. 🌱
Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар қоқыстарды жинап, табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттады. Осындай игі бастамалар арқылы жастар табиғатқа жанашырлық танытып, қоғамға үлгі болуда.
✨ Таза орта – дені сау ұрпақтың кепілі! ✨ Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! ✨ Бірлігіміз арқылы қаламызды көркейтіп, болашағымызды жарқын ете аламыз!

SarqanJastary #TazaAlem #ТазаҚазақстан #EcoLife #ЖастарБастамасы #Еріктілер #ТазаҚала #Экология #ЖасылБолашақ #SarqanJastaryFilialy
