
23 маусым Қазақстан полициясы күніне орай Қ. Тастанбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті, сондай-ақ тұрғындар үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында соның ішінде азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап ұсынылды.

Сонымен қатар, келген азаматтарға қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу және алаяқтықтан сақтану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Келушілерге қауіпсіздік ережелері қамтылған арнайы жадынамалар таратылып, заң талаптарын сақтау мен жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді. Аталған іс-шара халық пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етті.
