
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Заманауи мемлекеттік қызмет: ашықтық пен тиімділік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарды талқылау, ашықтық қағидаттарын нығайту және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін кеңінен қарастыру болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заманауи мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары, цифрландыру үдерістері, халықпен тиімді кері байланыс орнату және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудағы кәсібилік, жауапкершілік және этикалық құндылықтардың маңызы ерекше аталып өтті.
Шара соңында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған ой-пікірлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді арттырып, ашық әрі тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
