Баршамызға ортақ жауапкершілік

Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарқан қаласы әкімі аппаратының мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қала аумағындағы тазалық мәселелері бақылауға алынып, тұрғындарға қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акцияның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық талаптарының сақталуына назар аудару және қаланың көркеюіне үлес қосу.

Таза қала – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

#ТазаҚазақстан #СарқанҚаласы #Тазалық #ЭкологиялықАкция #БірлескенРейд #ҚоғамдықТәртіп

Мәліметпен бөлісу: