Ардагерлерді ардақтайық

2018 жылдың 18 қыркүйек күні Сарқан қаласы әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен  Ұлы Отан соғысы ардагерлері, аса мұқтаж жалғызбасты тыл еңбеккерлері мен қарттарға қамқорлық көрсету, жастарды үлкен адамдарға ықыласпен қарауға тәрбиелеу және қоғамның қамқорлығынан қалыс қалмағандарын сезіндіру мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізілді.

Акция барысында еріктілер Панарина көшесі №12 үйде тұратын Лагонская Зинайда Ивановна апамыздың қысқы картоп өнімін сақтайтын орнын жинап, сонымен қатар ағаштарын бұтап көмек көрсетіп қайтты. Қаламыздың жастары осындай шаралардан қалмай әрқашанда қарттарымызға қол ұшын созып көмек көрсетіп жүрсе нұр үстінен нұр болар еді. Осындай ерікті түрде көмек қолын созатын жалынды жастарымыз көбейе берсін.

 

Н.Ахметбай,

Сарқан қала әкімі аппаратының жастар ісі

жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: