Діни сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің басты талабы

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ –нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жақында Сарқан политехникалық колледжінде «Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы» атты колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

Бұл кездесудің басты мақсаты терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күрдесудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу. Кездесуге ауданның бас имамы Серікбек Асқарұлы және  облыстық дін істер басқармасының Сарқан ауданы бойынша инспекторы Ақтанберді Назымұлы қатысып, колледж студенттеріне еліміздегі діни ахуал, теріс пиғылдағы діни ұйымдар мен бірлестіктердің мемлекет қауіпсіздігіне төндірер залалы туралы, сондай-ақ жалпы діни сауаттылық жайлы әңгіме қозғады. Кездесу барысында ұстаздар мен оқушылар да өздерін толғандырған түрлі діни сауалдарға толықтай жауап алды. Басқосу соңында бас имам жастарға қандай да бір сұрақ туындай қалса, мешітке де келіп, сауалдарына жауап алуға болатындығын жеткізді.

 

А.Салимбеков,

 «Сарқан аудандық жастар ресурстық

орталығының» маманы.

Мәліметпен бөлісу: