«35 ауыл – 35 ту тұғыр» жобасына үлес қосқан азаматтар марапатталды

2026 жылғы 3 шілде күні  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «35 ауыл – 35 ту тұғыр» патриоттық жобасы аясында мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға және елдік құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтеді.

Жоба аясында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні облыстың 35 ауылында бір мезгілде Мемлекеттік Ту тұғырлары орнатылды. Бастама алғаш Панфилов ауданында қолға алынып, өңір жұртшылығының қолдауымен облыстың барлық аудан-қалаларында жалғасын тапты.

Ту тұғырларын орнату жұмыстары ауыл азаматтарының, өңірдің тумаларының, кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтары басшыларының демеушілігімен жүзеге асырылды. Олар туған өлкенің дамуына, мемлекеттік рәміздерге құрмет мәдениетін қалыптастыруға және патриоттық құндылықтарды насихаттауға елеулі үлес қосты.

Іс-шара барысында жобаға қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтылып, олардың қоғамдық белсенділігі мен туған жерге деген жанашырлығы жоғары бағаланды.

«35 ауыл – 35 ту тұғыр» жобасы өңір тұрғындарының азаматтық жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті нығайтуға және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Бүгінгі жиынның басты мақсаты қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттыруға, отансүйгіштік құндылықтарды насихаттауға және ауылдық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосқан азаматтардың еңбегін көпшілікке үлгі ету. 

Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік және отаншылдық.     Нағыз патриотизм мемлекетке, оның рәміздері мен ұлттық мәдениетіне құрметпен қарау,  Отанымыздың бүгіні мен  болашағы үшін жауапкершілікті сезінуден басталады.

Мәліметпен бөлісу: