Құсанова Халида Есболқызы – «Делай добро! Текелі» волонтерлер қозғалысының жетекшісі

Ол 2018 жылдан бері, яғни 8 жылдан астам уақыт бойы волонтерлік қызметімен айналысып келеді.

Осы уақыт аралығында әлеуметтік, экологиялық, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, қайырымдылық және жастарды қолдау бағыттарында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Қозғалыстың басты мақсаты – қоғамға пайда келтіру, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және волонтерлік мәдениетін дамыту.

Халықаралық волонтерлер жылына орай «Делай добро! Текелі» волонтерлер қозғалысы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек көрсетіліп, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау білдірілуде. Сонымен қатар экологиялық сенбіліктер мен ағаш отырғызу акциялары өткізіліп, жастар арасында волонтерлікті насихаттауға бағытталған кездесулер мен түрлі акциялар ұйымдастырылуда.

Қозғалыс мүшелері төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметтерімен бірлесіп көмек көрсетіп, жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына белсенді қатысады. Сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіздік пен патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.

Құсанова Халида Есболқызының айтуынша, волонтерлік – бұл жай ғана көмек көрсету емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Ол жетекшілік ететін еріктілер қозғалысы алдағы уақытта да игі бастамаларды жалғастырып, халық игілігі жолында аянбай еңбек етуді мақсат етеді.

Мәліметпен бөлісу: