
Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімнен тек пәндік білімді ғана емес, сонымен қатар цифрлық сауаттылықты, шығармашылықты және оқытудың тиімді әдістерін қолдануды талап етеді. Осы талаптарды жүзеге асыруда Top IQ платформасы мұғалімнің сенімді цифрлық серіктесіне айналып келеді. Ол білімді бағалауды жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған заманауи білім беру ортасын қалыптастырады.
Top IQ платформасы әртүрлі пәндер бойынша тест тапсырмаларын, логикалық жаттығуларды және зияткерлік сайыстарды ұсынады. Мұғалім оқушылардың білім деңгейін жедел анықтап, оқу жетістіктерін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік алады. Тапсырмалар автоматты түрде тексеріліп, нәтижелердің жылдам шығуы уақытты үнемдеуге және оқыту үдерісін тиімді жоспарлауға жағдай жасайды.
Өз тәжірибемде бұл платформаны сабақ барысында білімді бекіту, қалыптастырушы бағалау және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қолданамын. Әсіресе, ойын элементтері енгізілген тапсырмалар оқушылардың белсенділігін күшейтіп, өзара бәсекелестік арқылы білім алуға деген ынтасын арттырады. Жедел кері байланыс оқушыларға қателерін уақытында түзетуге мүмкіндік берсе, мұғалімге әр оқушының біліміндегі олқылықтарды анықтап, сараланған тапсырмалар ұсынуға көмектеседі.
Top IQ платформасының тағы бір артықшылығы – білім беру үдерісін заманауи цифрлық форматта ұйымдастыруы. Бұл оқушылардың сыни ойлауын, логикалық пайымдауын, ақпаратты талдау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіріп, сабақтың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда,Top IQ–білімді бағалау құралы ғана емес,мұғалімнің күнделікті жұмысын жеңілдететін, оқушының қабілетін жан-жақты дамытуға бағытталған заманауи цифрлық серіктес. Осындай платформаларды тиімді пайдалану–сапалы білім берудің, инновациялық оқыту тәжірибесін қалыптастырудың және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызды тетігі.
Автор:Стыбаева Улбала Мейрамбековна
Лауазымы:Информатика пәні мұғалімі
Білім беру ұйымы:Жетісу облысы Сарқан ауданы «Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ
