Құрылтай – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін, халықтың үні мен ұсынысы тоғысатын маңызды саяси алаң. Алдағы депутаттар сайлауы – әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауына мүмкіндік беретін жауапты кезең. Әрбір сайлаушы заң талаптарын сақтай отырып, саналы шешім қабылдауы тиіс. Жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы – әділетті әрі дамыған қоғамның берік негізі.
Жастар қоғамның болашағы болғандықтан, олардың пікірлері мен бастамалары елдің дамуына ықпал етеді. Құрылтай жұмысына белсенді қатысу арқылы жастар өзекті мәселелерді көтеріп, білім, ғылым, кәсіпкерлік, экология және мәдениет сияқты салаларға қатысты жаңа идеялар ұсына алады. Сонымен қатар, бұл олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Сондықтан жастар сайлау үдерісіне жауапкершілікпен қарап, ақпаратты жан-жақты саралап, дұрыс таңдау жасау қажет. Елдің ертеңі – бүгінгі саналы шешімдерден басталады. Бірлігіміз бекем, таңдауымыз әділ, болашағымыз жарқын болсын! Сондықтан жастардың Құрылтайдағы белсенділігі тек өздерінің ғана емес, бүкіл қоғамның тұрақты дамуына үлес қосады.
Бауржан ЖАНТАСОВ.
«Sarqan jastary» филиалының жетекшісі.
