Кәсібіне адал шекарашы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Екіаша» шекара бөлімшесінің аға нұсқаушысы, ефрейтор Еламан Төлепбеков мемлекеттік шекараны күзетуде кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп келеді. Қызметтік кинология саласын жетік меңгерген әскери қызметші «Үздік кинолог» атағына ие болған.
Еламан Төлепбеков қызметтік иті «Ховардпен» бірге мемлекеттік шекараны күзету кезінде бірнеше құқық бұзушыны анықтап, ұстауға қатысып, із кесу жұмыстарында жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, бөлімшенің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді араласып, волейболдан жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.
Әріптестері құрмет тұтатын тәжірибелі әскери қызметші бүгінде мемлекеттік шекараны күзету ісіне сүбелі үлес қосып, жас шекарашыларға үлгі болып келеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: