2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлау азаматтардың елдің болашағына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуына мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс болып табылады. Сондықтан әрбір азамат өз сайлау құқығын тиімді пайдаланып, азаматтық белсенділігін көрсетуі қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Құрылтай сайлауында дауыс беру құқығына он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтары ие болады. Азаматтар өздерінің тіркелген сайлау учаскесіне жеке куәлігімен немесе паспортымен келіп, жасырын дауыс беру арқылы өз таңдауын жасайды.
Дауыс беру – әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар ел алдындағы азаматтық жауапкершілігі. Әрбір берілген дауыс мемлекет дамуының бағытын айқындауға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға және халықтың пікірін білдіруге ықпал етеді. Сондықтан әр азамат келіп, өз таңдауын жасау керек.
С. ЖАКУПОВ,
Алмалы орта мектебінің мұғалімі.
