
Құрылтай сайлауы – қоғамның пікірін ескеріп, елдің болашақ дамуына бағыт-бағдар айқындайтын маңызды саяси үдеріс. Ол азаматтардың белсенділігін арттырып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал етеді. Құрылтай құрамына ел тағдырына бейжай қарамайтын, түрлі салада тәжірибесі мол азаматтардың сайлануы маңызды бастамалардың жүзеге асуына жол ашады.
Әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – елдің дамуына қосқан үлесі. Өйткені әділ әрі ашық өткен сайлау халықтың сенімін күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.
Сондықтан 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – Қазақстанның даму бағытын айқындайтын, еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына бастайтын маңызды қадам.
Мұрат Түсіпов,
Сарқан аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
