Алдағы өтетін Құрылтай сайлауы — еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды науқан. Бұл — елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтып, халықтың ортақ мүддесін көздейтін, мемлекетіміздің болашақ даму бағытын айқындауға ықпал ететін маңызды қадам деуге толық негіз бар. Маңызды саяси науқанға бір кісідей атсалысу арқылы біз өзіміздің, балаларымыздың, немерелеріміздің баянды болашағын қамтамасыз етеміз, ата –бабаларымыздың аманатына адалдық танытамыз және ұлтымыздың, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне қызмет етеміз. Мемлекетіміздің өркендеуі мен қоғамның дамуы әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу — тек азаматтық құқық қана емес, ел тағдырына деген жауапкершіліктің нақты көрінісі. Сол себепті аталмыш науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымымызды айқын білдірейік.
Жанат Мұқашев,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы.
