«Біз бейбітшілік пен тәртіпті қолдаймыз» атты сурет байқауы өткізілді.

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Балалар шығармашылық үйінде «Біз бейбітшілік пен тәртіпті қолдаймыз» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында бейбітшілік, қоғамдық тәртіп, өзара сыйластық және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.

Қатысушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы бейбіт өмірді, татулықты және заң мен тәртіптің маңыздылығын бейнеледі. Іс-шара барысында қатысушылардың шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық құндылықтарға деген көзқарастары көрініс тапты.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Мәліметпен бөлісу: