КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІМІЗ – БҮГІНГІ ДҰРЫС ТАҢДАУЫМЫЗДА


Елдің ертеңі – бүгінгі қабылдаған шешімдерімізге тікелей байланысты. Әр азаматтың жасаған таңдауы қоғамның дамуына, мемлекеттің тұрақтылығы мен болашақ ұрпақтың жарқын өміріне ықпал етеді.
Бүгінгі таңда ел үшін маңызды мәселелерге бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Дұрыс таңдау жасау дегеніміз – елдің мүддесін, халықтың игілігін және келешек ұрпақтың қамын ойлау.
Кемел келешек өздігінен қалыптаспайды. Ол білімді ұрпақтың, еңбекқор азаматтардың, елжанды қоғамның бірлігі мен саналы шешімдерінің нәтижесінде құрылады. Сондықтан әрбір таңдауымызға жауапкершілікпен қарап, ел дамуына үлес қосуға ұмтылғанымыз жөн.
Бүгінгі дұрыс таңдау – ертеңгі жарқын болашақтың берік негізі. Кемел келешегіміз өз қолымызда!
Ендеше ағымдағы жылдың 23 тамыз күні еліміздің тарихында тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауымызды жасайық!



Қадыр Абдрахманов,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: