БҮГІНГІ ТАҢДАУЫМЫЗ ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІН АЙҚЫНДАЙДЫ

Елдің болашағы – әр азаматтың бүгінгі жауапты таңдауынан басталады. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы халықтың белсенділігіне, азаматтық ұстанымына және ел тағдырына бейжай қарамауына тікелей байланысты. 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Құрылтай құрамына партиялық тізімдер бойынша 145 депутат сайланады. Сондықтан сайлауға қатысу – жай ғана дауыс беру емес, елдің келешегіне өз үлесімізді қосу. Әрбір азамат өз таңдауын саналы жасап, кандидаттардың бағдарламалары мен ұстанымдарына назар аударуы маңызды. Бүгінгі таңдаған бағытымыз ертеңгі қоғамның келбетін қалыптастырады. Жастардың болашағы, ауылдың өркендеуі, білім мен медицинаның сапасы, экономика мен әлеуметтік тұрақтылық секілді маңызды мәселелерге немқұрайлы қарамай, ел дамуына жауапкершілікпен атсалысу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі таңдауымыз – еліміздің ертеңі. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға белсенді қатысайық!

Болат Рахметқалиев,
Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: