Таза қазақстан бағдарлмасы аясында рейд жүргізілді

Лерсі ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында ауыл аумағының тазалығы, абаттандыру жұмыстары және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуы бақылауға алынды.

Тұрғындарға тазалық сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және туған өлкенің көркеюіне үлес қосу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» – әрбір азаматтың ортақ іске жауапкершілікпен қарап, таза әрі көрікті орта қалыптастыруына бағытталған маңызды бастама.

Мәліметпен бөлісу: