ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ САЛМАҚТЫ

    Бүгінгі таңдаған бағытымыз ертеңгі қоғамның келбетін қалыптастырады. Жастардың болашағы, ауылдың өркендеуі, білім мен медицинаның сапасы, экономика мен әлеуметтік тұрақтылық секілді маңызды мәселелерге немқұрайлы қарамай, ел дамуына жауапкершілікпен атсалысу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің жарқын болашағы әр азаматтың өз міндетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады. Әсіресе халық сеніміне ие болып, Құрылтай құрамында ел мүддесі жолында қызмет ететін азаматтардың жауапкершілігі айрықша.

    Жауапкершілік – тек өз міндетін орындау ғана емес, қабылдаған шешімнің нәтижесін сезіну, халықтың талап-тілегіне құлақ асу, елдің ертеңіне бейжай қарамау. Сондықтан кез келген маңызды таңдау кезінде азаматтық ұстаным танытып, ел болашағына қатысты мәселелерге белсенді араласу – баршамызға ортақ міндет.

    Халықтың сенімін ақтау үшін адалдық, біліктілік, табандылық пен әділдік қатар жүруі қажет. Себебі ел тағдырына қатысты әрбір шешімнің артында мыңдаған адамның тұрмысы, болашағы мен үміті тұр.

    Бүгінгі жауапты қадам – ертеңгі нәтижеге бастайды. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына өз үлесін қосуы керек. Жауапкершілік жүгі салмақты болғанымен, ел игілігі жолындағы ортақ мақсат пен бірлік бұл жүкті еңсеруге күш береді.

    Бүгінгі таңдауымыз – еліміздің ертеңі. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға белсенді қатысайық!

Қанат Маманбаев,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: