Жуырда Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров арнайы іс-сапармен ауданымызға келді. Аграрлы ауданымыздың бүгінгі күн тәртібінен жиын-терім жұмыстары түсіп көрген жоқ. Серікжан Ісләмұлы Сарқан өңіріндегі атқарылып жатқан дала жұмыстарының барысымен танысып, жауапты тұлғалардың хабарламаларын тыңдады. Жиын барысында қант қызылшасын жиып-теру, қазу, тасымалдау жұмыстары басты назарда болып, штаб мүшелерінің өз салалары бойынша міндеттері сараланды.
Жиында облыс әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдарға қант қызылшасын белгіленген мерзімге дейін жинап, зауытқа өткізуді тапсырды.
Өз тілшіміз.