Сайлау күні әрбір сайлау учаскесінде ерекше мерекелік атмосфера қалыптастыру мақсатында музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Музыкалық бағдарламалар сайлаушылардың сайлау күніне деген ерекше ықыласын арттырып, маңызды қоғамдық-саяси науқанның мән-маңызын айшықтай түсті. Әсіресе, ұлттық әндер мен халыққа кеңінен танымал әуендер орындалып, көпшілікке мерекелік әсер сыйлады.
Дауыс беруге келген тұрғындар өздерінің азаматтық таңдауларын жасап қана қоймай, ұйымдастырылған мәдени бағдарламаны тамашалап, жақсы көңіл күймен тарқасты. Бұл бастама сайлау учаскелеріндегі қоғамдық белсенділікті арттырып, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын көрсетті.
