«Дауыс беру керуені» ақпараттық акциясы өтті

Сарқан ауданында азаматтардың сайлау мәдениетін арттыру, дауыс берудің маңыздылығын түсіндіру және тұрғындарды сайлау процесі туралы ақпараттандыру мақсатында «Дауыс беру керуені» ақпараттық акциясы өтті.
Акция барысында ұйымдастырушылар тұрғындармен кездесіп, дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелерінің жұмысы және азаматтардың сайлау құқығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға сайлауға белсенді қатысудың маңызы айтылып, қажетті ақпараттық материалдар таратылды.


«Дауыс беру керуені» акциясы тұрғындардың құқықтық және саяси сауаттылығын арттыруға, сайлау процесіне деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды. Шара барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, сайлау туралы пайдалы мәліметтермен танысты.

Мәліметпен бөлісу: