Черкасск ауылының тұрғындары бір адамдай дауыс берді


Бүгін Черкасск ауылының тұрғындары сайлау учаскесіне белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасады. Ауыл халқы елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысып, дауыс беру құқығын пайдалануға үлкен жауапкершілікпен қарады.
Таң сәтінен бастап сайлау учаскесіне келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Үлкені де, жасы да ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосуға ниетті екенін көрсетті. Тұрғындардың ұйымшылдығы мен белсенділігі ауылдағы ауызбіршілік пен азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін аңғартты.

Мәліметпен бөлісу: