
Панфилов ауданында ғасыр жасаған Тұран Бакиева сайлаудан қалыс қалмай, өз дауысын үйінде берді.
Ақ жаулықты әже ел үшін маңызды саяси науқанға қатысып, өзінің азаматтық таңдауын білдірді. Ғасырлық ғұмыр кешкен Тұран Бакиеваның бұл қадамы – ел өміріне бейжай қарамайтындығының және азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі.
