
Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатқан маңызды күні Абишев Айдар Беделбекұлы аудандық перзентханаға барып, жас аналар мен дүниеге жаңа келген сәбилердің жағдайымен танысты.
Сапар барысында жас аналарды құттықтап, ана мен балаға арнайы сый-сияпат табыстады. Сәбилерге зор денсаулық, баянды ғұмыр, ал отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Ел өміріндегі маңызды саяси науқанмен тұспа-тұс келген бұл күн дүниеге келген әрбір сәбидің болашағына деген ақ тілекпен астасты. Жаңа туған нәрестелерге ізгі тілегін білдірген Абишев Айдар Беделбекұлы еліміздің келешегі жас ұрпақпен тығыз байланысты екенін атап өтті.
