«Менің Конституциям» патриоттық акциясы өтті

Жуырда Сарқан қаласының орталығында «Менің Конституциям» патриоттық акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – азаматтардың Конституцияға деген құрметін арттыру, елдің басты құжатының маңызын түсіндіру және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Акция барысында қатысушылар Ата Заңның ел өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісті.

Мемлекеттік рәміздер ұлықталып, ел бірлігі мен тұрақтылығы, заңға құрмет және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен насихатталды.
Іс-шараға қала тұрғындары, жастар және белсенді азаматтар қатысып, «Менің Конституциям – менің құқығым, менің болашағым!» деген ұстанымды қолдады.

Мәліметпен бөлісу: