НАЗАР АУДАР, БАЛАЛАР

Ағымдағы жылдың 15 тамыз 30 қыркүйек аралығында Жетісу облысының аумағында «Назар аудар, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, балалардың жарақат алуын азайту және жол жүру ережелерін сақтау сауатын арттыру.
Жедел-профилактикалық іс-шараның аясында ата-аналарға балаларға үйден мектепке дейінгі қауіпсіз маршрутты түсіндіріп, тәуліктің қараңғы уақытында киіміне жарық шағылыстырғыш тағу қажет және қауіпсіздік ережелерін мұқият түсіндіру керектігі айтылды.

Сарқан аудандық полиция бөлімі.

Мәліметпен бөлісу: