
Елімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұяның қоғамдағы маңызын арттыру және ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін насихаттау мақсатында 7 қыркүйек күні Сарқан политехникалық колледжінде Отбасы күні кеңінен аталып өтті.

Мерекелік шара барысында отбасының береке-бірліктің, сүйіспеншілік пен өзара сыйластықтың негізі екені атап өтілді. Қатысушылар колледждің студенттері мен еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар отбасылық құндылықтардың адам өміріндегі ерекше орны туралы ой бөлісіп, тәрбиедегі ата-ана өнегесінің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараның негізгі тақырыбы: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» қанатты сөзіне негізделген.Мақсаты: Өнегелі отбасылық құндылықтарды насихаттау және жастар арасында береке-бірлік пен сыйластықты арттыру. Шара аясында түрлі мәдени-танымдық және көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
