Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті отын-энергетика кешені саласындағы екі негізгі тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.
Талдау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасы бойынша Жетісу облысының географиялық шекараларында келесі бағыттар бойынша жүргізілуде:
- коммуналық-тұрмыстық көмірді қайталама көтерме саудада өткізу;
- бензинді (АИ-92, АИ-95) және дизель отынын (жазғы, қысқы, маусымаралық) бөлшек саудада өткізу.
Коммуналық-тұрмыстық көмір нарығын талдау аясында негізгі мақсат – жер қойнауын пайдаланушылардан көмір сатып алушылардың, соның ішінде өңірлік көмір операторларының құрамын зерделеу, сондай-ақ көмірді қайта сатумен айналысатын субъектілерді анықтау болып табылады. Автомобиль отынын бөлшек саудада өткізу саласында бензинге (АИ-92, АИ-95) және дизель отынының барлық маусымдық түрлеріне баға белгілеудің негізділігі, тапшылықтың туындау тәуекелдері және мұнай өңдеу зауыттарынан (МӨЗ) көлемдерді бөлудің ашықтығы талданады.
Талдау қорытындысы бойынша Департамент бәсекелестікке қарсы келісімдер белгілерінің болуы және бағаның алыпсатарлық өсуі тұрғысынан құқықтық баға беретін болады, сондай-ақ бәсекелестік ортаны дамыту, нарыққа кіру кедергілерін төмендету және Жетісу облысындағы сауда рәсімдерінің ашықтығын арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.
Анализ сфере топливно-энергетического комплекса
Департаментом Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан по области Жетісу начат анализ состояния конкуренции на двух ключевых товарных рынках в сфере топливно-энергетического комплекса.
Анализ проводится по поручению Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан в географических границах области Жетісу по следующим направлениям:
- вторичная оптовая реализация коммунально-бытового угля;
- розничная реализация бензина (АИ-92, АИ-95) и дизельного топлива (летнее, зимнее, межсезонное).
В рамках анализа рынка коммунально-бытового угля основной задачей является изучение состава покупателей у недропользователей, включая региональных угольных операторов, а также выявление субъектов, занимающихся перепродажей угля. В сфере же розничной реализации автомобильного топлива анализируются обоснованность ценообразования на бензин (АИ-92, АИ-95) и дизельное топливо всех сезонных видов, риски возникновения дефицита и прозрачность распределения объемов от НПЗ.
По итогам анализа Департаментом будет дана правовая оценка на предмет наличия признаков антиконкурентных соглашений и спекулятивного завышения цен, а также выработаны практические рекомендации по развитию конкурентной среды, снижению барьеров входа на рынок и повышению прозрачности торговых процедур в области Жетісу.
