Алматы облысында жаңа музыкалық мектеп ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Талдықорғанда жаңа музыкалық мектеп ашылып, оған ақын Сара Тастанбекқызының есімі берілді.
Өнер мектебінің салатанатты ашылуында, алғашқы құттықтау сөз Алматы облысы әкімі Амандық Баталовқа берілді


-Жетісу өлкесі- өнерпаз тұлғалармен аты шыққан мекен. Бүгін аға ұрпақтың ізін жалғастырып, өнер жолын таңдаған бүлдіршіндеріміз әртүрлі халықаралық байқауларда еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Міне бүгін біз осы балалардың қанатын қатайтып, шеберліктерін арттыратын жаңа өнер ордасын ашқалы тұрмыз. Осы мектеп дарынды балалардың нағыз ұстаханасына айналады деп ойлаймын, — деді өңір басшысы А.Баталов. Салтанатты ашылуға педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары жиналды. Музыкалық мектеп қаланың оңтүстік-батыс тұрғын алабындағы жаңа аудандардың бірінде орналасқан. Оның айналасын 1200 орыныды жаңа мектеп, драма театр және Салтанат сарайы қоршап тұр.


Мектепте, бала бойындағы дарынды ашуға және оны дамытуға барлық жағдай жасалаған. Яғни, кабинеттер соңғы технологиялық үлгіде жасалып, 200 орынды жеке концерт залы да бөлінген. Екі қабатты ғимаратта жеке сабақтарға арналған 20 кабинет, 2 теориялық сынып, хор мен ансамбль сабақтарына арналған және кітапхана, музыкалық аспаптарды жөндеу шеберханасы бар.


Сондай-ақ, аталмыш мектепке облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа музыкалық аспаптар сатып алынған. Атап айтқанда, 41 фортепиано және Чехия елінен 9 рояль әкелінген. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Али Алпысбаевтың айтуынша, мұндай музыкалық мектеп ешбір жерде жоқ.
-Мен бүгін үлкен толқыныс үстінде тұрмын. Себебі, біздің өлке өнерпаздары бұл мектепті көптен күтті. Ақын Сараның аты берілеген мектептен ұлы тұрғалар шығып, қазақ өнерін асқақататын, шетелдік ареналарда жұлдызы жарқырайтын балалар шығады деп сенемін , — деді ол.
Айта кету керек, құрылысы «Стройсервис-97» ЖШС-не табысталған мектепке, 1 миллиардқа жуық қаражат жұмсалған.

Мәліметпен бөлісу: