
Жуырда Отбасы күніне орай «Отбасы – ең басты құндылық» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас ұрпаққа отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру.

Қатысушылар өз туындыларында отбасыға деген сүйіспеншілігін, ата-ана мен бала арасындағы мейірімділік пен өзара сыйластықты бейнеледі. Әр суреттен отбасының жылуы, татулығы мен берекесі көрініс тапты.

Байқауға қатысқан балалар өз шығармашылықтары арқылы отбасыға деген сүйіспеншіліктерін, ата-анаға деген құрметтерін және жанұяның жылуын бейнеледі. Сондай-ақ аталған шара барысында балалардың шығармашылық жұмыстары сараланып, үздік туындылар атап өтілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің қиялы мен шеберліктерін көрсетті.

