«Отбасы – бақыт мекені» аттыОтбасы күніне орай отбасылық спорттық шара өткізілді

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің өзара бауырмалдығы мен ынтымағын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту. Сонымен қатар спорттық сайыстар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың белсенділігі мен икемділігін арттыру және командалық рухты қалыптастыру көзделді.

Шара барысында отбасы мүшелері арасында түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетті. Спорттық жарыстар арқылы отбасылық тәрбиенің маңыздылығы насихатталып, қатысушылардың бос уақытын көңілді әрі тиімді өткізуіне мүмкіндік жасалды. Іс-шараға барлығы 17 адам қатысты.  

Мәліметпен бөлісу: