
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен отбасы тәрбиесіндегі бесіктің қасиетті орнын дәріптеу; отбасының қоғамдағы маңызын, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
Отбасы — адам баласының ең алғашқы мектебі, мейірім мен махаббаттың мекені. Ал сол шаңырақта тербелген бесік — ұрпақ сабақтастығының, ұлттық тәрбиенің және мәңгілік құндылықтардың символы.
Отбасы күніне орай мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, және» Ақ әжелер» тобы, үйірме қатысушыларымен «Бесік – отбасы берекесінің бастауы» атты әдеби-сазды кеш өтілді. Бұл шарада ұлттық тәрбиенің тағылымы, отбасының қадір-қасиеті, ата-ана мен бала арасындағы ыстық ықылас әсем әнмен, әсерлі жырмен және жүрекке жетер көркем сөзбен өрілді.
Бесік — қазақ халқының қасиетті мұрасы, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі, отбасы жылуы мен берекесінің бастауы. Тербелген бесіктің үні — ананың әлдиімен астасқан мейірім, әкенің қамқорлығымен көмкерілген сенім, атаның батасы мен әженің ақ тілегіне толы, ұлы өмірдің алғашқы әуені.
Кеш барысында отбасының ынтымағы мен бірлігі, ұрпақ тәрбиесіндегі ата мен әженің, әке мен ананың орны, бесіктің қасиеті мен қазақы дәстүрдің тағылымы кеңінен насихатталды.
