
2026 жылғы 8 қыркүйекте Отбасы күніне орай Ақсу ауданының Матай ауылдық мәдениет үйінде отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған көрініс түсірілді.
Көрініс барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі, өзара сыйластық пен мейірімділік тақырыптары қамтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, сондай-ақ береке-бірліктің негізі отбасынан басталатынын насихаттау.
