
Заң мен тәртіп қағидатын насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сарқан көпсалалы колледжінде «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» атты флешмоб өтті.
Шара барысында колледж жастары заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және жауапкершілікті сезіну маңызды екенін көрсетті. Флешмобқа қатысушылар өздерінің белсенділіктерін танытып, «Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті», «Тәртіп бар жерде – қауіпсіздік бар» деген ұстанымдарды қолдады.
Жастар арасында заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру – қоғамның қауіпсіз әрі тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі. Әрбір жас өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, құқықбұзушылыққа бей-жай қарамауы тиіс.
