
Талдықорған қаласында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы балаларға арналған мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырды. Оның барысында «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың балалары «Алтай – Атырау» қойылымын тамашалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұрпақ тәрбиесі – ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Осы орайда, партия филиалы ұйытқы болған мәдени іс-шара балалардың шығармашылыққа және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.
Бұл қойылымды белгілі театр және кино актері Кендебай Темірбайұлы жетекшілік ететін «Жас актер» жастар театры ұсынды. Мұндағы басты мақсат – балалардың ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, ұрпақ тәрбиесіне қоғам назарын аудару.

«Осындай игі бастамаға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың рухани дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет», – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Амангелді Есбай.
Театр ұжымының айтуынша, мұндай кездесулер – балалар үшін аса маңызды. Себебі театр сахнасында адамгершілік, отансүйгіштік, мейірімділік және жауапкершілік сынды қастерлі құндылықтар дәріптеледі.
Қойылым соңында іс-шараға қатысқан 250 балаға балмұздақ таратылды. Бүл игі іске партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықова қолдау көрсетті.
