Коммуналдық сала түйткілдері ортаға салынды

Коммуналдық сала мәселелері бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департамент өкілдері ауданымызда азаматтарды қабылдау шарасын өткізетіндігі турасында бұдан бұрын да хабарланған болатын.

Өткен аптада аталмыш департамент басшысының орынбасары Гүлнар Шарапиева бастаған бөлім басшылары «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал ғимаратында қабылдау өткізді. Жиында көпшілік алдында аудандық коммуналдық қызмет көрсететін мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалып, аға буын өкілдері Қадыл Жанасбеков, Болат Рахметқалиев, Қанат Маманбаев, Мұрат Қауменов, Әнуарбек Темірбаев аудан тұрғындарын толғандырған мәселелерді ортаға салды.

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: