
Талдықорған қаласының прокуратурасының ұйымдастыруымен ҚР прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті.
Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, әріптестік қарым-қатынасты нығайту және қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Талдықорған қаласының әкімдігі;
II орын – Жетісу облысының прокуратурасы;
III орын – АДГС;
IV орын – Жетісу облысының әкімдігі.
Турнир тартысты әрі қызықты өтіп, командалар өздерінің спорттық шеберліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
