Мейір мен пейіл

Ғажайыпқа толы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Марат Разбеков аудандық орталық аурухананың балалар бөлімінде жатқан 27 бүлдіршінге, сонымен қатар ғасыр жасаған дария кеуде қарияларымызға және ауданымыздағы үш Ұлы Отан соғысының ардагеріне арнайы барып, хал-жағдайларын біліп, мерекемен құттықтап, тәтті-дәмділерін тарту етті.

-Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!-деді Марат Мелісұлы дәрігерлер мен ардагерлерге шынайы пейілмен. 

Мәліметпен бөлісу: