Табысты жыл болғай!

31 желтоқсан күні Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орталық алаңда «Қош келдің Жаңа жыл» атты салтанатты кеш болып өтті. Мерекелік кеште аудан әкімі Марат Разбеков сарқандықтарды жаңа 2019 жылмен құттықтады. Өткен ит жылы өңіріміз үшін игілікті істерге толы болғандығын атап өткен аудан басшысы төрге озғалы тұрған доңыз жылы елімізге, саялы өңірімізге берекелі, мерекелі жыл болып, әр отбасыға бақ-береке, ырыс-ынтымақты, табысты болсын деп ыстық ықыласын білдірді.

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сарқан қаласындағы ғимараттардың қаспетін мерекелік безендіру бойынша жүргізілген байқаудың нәтижесінде үздік шыққандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жиналған қауым көңілді әуендер аясында би билеп, Аяз ата, Ақшақармен суретке түсіп, қуанышқа кенелді.

Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласып, көпшілік көңілін көкке көтерді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: