БАСЫМ БАҒЫТТАР БЕЛГІЛЕНІП, НАҚТЫ МАҚСАТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетіміздің алдында тұрған нақты міндеттерді белгілеп, мақсатымызды айқындап беруімен құнды болды.

 «Күллі әлем жұртшылығы аласапыран кезеңде өмір сүріп жатыр десек, артық болмас. Мұндай күрделі, болжамсыз ахуал «қырғи-қабақ соғыс» кезінде де болмаған еді». «Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды. Бұл – дүние жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс» деген Мемлекет басшысы егемендігімізді нығайту өсіп-өркендеуге негіз қалайтындығын нақты көрсетіп, осы бағытта барша қазақстандық қоғам жұдырықтай жұмылу керектігін атап өтті.

Әсіресе қазіргідей қиын-қыстау кезеңде болжам емес, нақтылық қажеттігін өз сөзіне арқау еткен Президентіміз «Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, яғни біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек» деп баршамыздың алдымызға нақтылыққа негізделген міндеттер қойды. Қорыта айтқанда еліміздің өсіп-өркендеуі, экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы баршамызға тікелей байланысты. Ендеше осы бағытта жұмыла жұмыс жасайық, еліміздің еңсесін көтерейік!

Қадыл ТҰРЫСБЕКОВ,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: