Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде студенттермен «Сыбайлас жемқорлықсыз білім – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында кездесу және семинар өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Арыстан Асқарұлы және колледж директоры Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлы қатысты. Студенттермен академиялық адалдық, әділ бағалау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Адалдық – сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі.

Мәліметпен бөлісу: