Аудандық сотта билер кеңесі құрылды

2019 жылдың 15 қаңтарында Сарқан аудандық сотының төрағасы Е.Байболов және ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қ.Жанасбековтың арасында келісу процедураларын үгіттеу бойынша мобильді топтар құру туралы меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасында «Рухани модернизация-күшті мемлекеттің құрылуының кепілі» және «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласының ережелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» шешімдерін орындау аясында аталған іс-шара өткізілді.

Бұл құжат сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар халық арасында туындайтын даулардың санын азайтуға септігін тигізуге бағытталған.

Тараптар келісу процедураларын, құқық қорғау практикасын  және өз құзыреті шеңберінде бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізуге, кез келген тараптың өздігімен ұйымдастырған іс-шарасына қатысуына мүмкіндік тудыруға уағдаласты.

  А.Берчимбетова,

Сарқан аудандық сотының бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: