ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ

    Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар үшін денсаулықты қорғау құқығы конституциялық кепілдікке айналды.

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясында әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға құқығы бекітілді. Бұл іс жүзінде нені білдіреді? Денсаулықты қорғауға конституциялық құқық тек емделуді ғана емес, сонымен қатар аурулардың алдын алуды да қамтиды.

    Жыл сайын Сарқан аудандық орталық  ауруханасында халықтың тиісті жас топтары үшін жатыр мойны обырын, сүт безі обырын және колоректалдық обырды ерте анықтауға арналған скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, артериялық гипертонияны, қант диабетін, липид алмасуының бұзылыстарын және жүрек-қан тамырлары ауруларының басқа да қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған профилактикалық тексерулерге ерекше көңіл бөлінеді.

     0-ден 17 жасқа дейінгі балалар жыл сайын профилактикалық медициналық тексеруден тегін өтеді. Созылмалы аурулары бар пациенттердің диспансерлік бақылауда болуға құқығы бар, ал вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

    Көптеген қазақстандықтар бүгінгі күнге дейін өздеріне берілген барлық құқықтарды толық білмейді. Барлық пациенттер өздерінің медициналық құжаттарымен танысуға, екінші медициналық қорытынды алуға, дәрігерден диагнозы мен емі туралы сұрақтар қоюға, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда медициналық араласуға саналы түрде келісім беруге немесе одан бас тартуға құқылы екенін біле бермейді.

   Жалпы, дәрігерлер ауру белгілерінің пайда болуын күтпей, профилактикалық тексерулерден тұрақты түрде өтуге кеңес береді. Егер сіз 40 жасқа толған болсаңыз, өзіңіз тіркелген емханадан сізге қандай профилактикалық тексерулер мен скринингтер жүргізілетінін нақтылаған жөн. Қант диабеті, артериялық гипертония және кейбір онкологиялық аурулар сияқты көптеген сырқаттар ерте кезеңдерінде ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін.

    Сондай-ақ, бүгінгі таңда профилактика барған сайын жекелендірілген сипатқа ие болып келеді және ол адамның жасына, жынысына, тұқым қуалаушылығына, өмір салтына және бұрыннан бар ауруларына байланысты жүргізіледі.

    Қорытындылай келе, жаңа, жаңарған Конституцияда бекітілген бұл құқық адамдар денсаулық сақтау жүйесі ұсынатын мүмкіндіктерді өздері белсенді пайдаланған жағдайда ғана толық жүзеге асады.

    Бұрын адам денсаулығы сыр бергенде ғана денсаулық сақтау жүйесіне жүгінетін. Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі адамның ауырмаған кезінде де оның денсаулығын сақтауға және қолдауға қызмет етуі тиіс. Денсаулықты қорғауға конституциялық құқықтың заманауи мәні де дәл осында.

Сағатай Тулегенова,  

 Сарқан аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері.

Мәліметпен бөлісу: