
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
«ӘДІЛЕТ» партиясынан Жетісу
облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Блискельдинов Ерлан Төкенұлы
Бірмандатты сайлау округі № 11

Құрметті сайлаушылар!
Мен, Блискельдинов Ерлан Төкенұлы, 1973 жылғы 19 сәуірде Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Абай ауылында дүниеге келдім.
Ауданның дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру ең алдымен күнделікті өмірге қажетті жағдайларды жақсартудан басталады. Жолдардың сапасы, ауызсумен қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі, білім беру сапасы және халықты тұрақты жұмыспен қамту – әрбір елді мекен үшін маңызды мәселелер. Сонымен қатар жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына, білім алып, еңбек етуіне және болашаққа сеніммен қарауына қажетті жағдай жасау қажет.
Өз жұмысымда «Әділет» партиясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ауылдық жерлердің әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек адамдарының мүдделерін қорғауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдауға басымдық беруді көздеймін.
Құрметпен, Ерлан Блискельдинов.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК
Сарқан қаласындағы ұзындығы 2,1 км құрайтын Кемербаев және Абай көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысамын.
Сарқан қаласындағы Тәуелсіздік, Панфилов, Тургенев, Пушкин, Нұрпейісов көшелеріне және Бірлік ауылының көшелеріне көше шамдарын орнатуға ықпал етемін.
2. СУ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Алмалы және Екіаша ауылдарының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстарына ықпал етемін.
Алмалы ауылында «Alt Energy» ЖШС жүзеге асырып жатқан қуаттылығы 10,2 МВт болатын ГЭС құрылысының 2028–2030 жылдарға дейін аяқталуына ықпал етемін.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сарқан қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында 2027 жылы салынатын 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысына қаражат бөлінуін өз бақылауыма аламын.
Сарқан қаласындағы «Болашақ» ықшам ауданында жаңа мектеп салу мәселесін көтеруге және оған қаражат бөлінуіне бар күш-жігерімді саламын.
«Мықты өңірлер – мықты ел!
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындардың жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіп, несиелендіруді 30 пайызға арттыруға ықпал етіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға және мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуына, ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау, оларды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мәселелеріне ықпал етемін.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Тұрақты жұмыс орындарын құруды қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және инвестиция тартуға күш-жігерімді саламын.
Мемлекеттік жұмыспен қамту шараларын іске асыруға, соның ішінде «Bastau Business» және «First Workplace» бағдарламаларын жүзеге асыруға, аудандағы жас кәсіпкерлерді кәсіби оқытуға және қолдауға ықпал етемін.
6. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚҚА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
Сарқан ауданында жабық стадион құрылысын жүргізуге бастамашылық жасаймын. Бұл жастар арасында бұқаралық спортты, дене шынықтыруды және бос уақытты тиімді ұйымдастыруды дамытуға мүмкіндік береді.
Сарқан ауданындағы ауылдық округтердің орта мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға басымдық беремін. Атап айтқанда, физика, химия, биология және робототехника бағыттары бойынша заманауи STEM кабинеттерімен жабдықтауға, мектептерге қауіпсіз кіруді қамтамасыз етуге және балалар ойын алаңдарын дамытуға ықпал етемін.
Сарқан ауданындағы Үлгі ауылында балаларға арналған ойын алаңын салуға және оған қаражат бөлінуіне ықпал етемін.
7. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Сарқан ауданының қарт тұрғындарына, көпбалалы отбасыларына және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу мәселелеріне ықпал етемін.
Әлеуметтік жағынан осал азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және аудандық мекемелерде қолжетімді ортаны («Қолжетімді ауыл» жобасы) қалыптастыруға атсалысамын.
8. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс сапасын жақсартуға, Абай және Тасарық ауылдық округтеріндегі тұрғын үй секторлары мен әлеуметтік нысандарды 100% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға ықпал етемін.
Ауылдық мекемелерді цифрландыруды қолдауға және тұрғындар үшін электрондық үкімет қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға атсалысамын.
9. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙГЕН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сарқан қаласы мен ауылдық округтердің көшелерін жүйелі түрде абаттандыруға, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге күш саламын.
Балқаш көлінің жағалауында үш коммуналдық демалыс орнын салуға ықпал етемін.
Сарқан қаласындағы Қойтас эко-паркінің абаттандыру жұмыстарын жалғастыруға және осы мақсатқа қаражат бөлінуін өз бақылауыма аламын.
Халықтың үні – менің басты бағдарым!
Сеніміңізді ақтау – менің міндетім!
Ауданының өркендеуі – ортақ мақсатымыз!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!
Туған өлкенің дамуы мен ауылдардың көркеюі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ауданның өркендеуі ең алдымен халықтың тұрмыс деңгейімен, қоғамдық бірлікпен және тұрғындардың ертеңгі күнге деген сенімімен тығыз байланысты.
Менің басты ұстанымым – елді мекендердің дамуына ықпал ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және халықты алаңдатқан өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу.
Осы мақсатта ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жетілдіру, білім беру және спорт салаларын қолдау, медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мәдениет нысандарының дамуына жағдай жасау бағыттарына ерекше көңіл бөлемін.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ
Ауылдардың біркелкі дамуына жағдай жасау және әрбір елді мекеннің мәселесіне көңіл бөлу – маңызды міндеттердің бірі. Тұрғындардың сұраныстарын ескеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беремін.
Депутат ретінде жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді зерделеуге, олардың шешілуіне ықпал етуге және халықтың игілігіне бағытталған ұсыныстарды қолдауға басымдық беремін. Сонымен қатар қолға алынған бастамалардың орындалу барысы мен атқарылған жұмыстардың нәтижесі жөнінде тұрғындарға тұрақты түрде мәлімет беріп отыруды өз міндетім деп білемін.
Сайлауға келіңіздер! Меған дауыс беріңіздер !
Дайындаған: «Айару» ЖК
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй
Таралымы:1000 дана.
Тапсырыс беруші: Блискельдинов Ерлан Төкенұлы
Сарқан аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.
