«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы Бірмандатты сайлау округі № 3

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған

«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Аязбаев Талғат

Тоқтасынұлы

Бірмандатты сайлау округі № 3

   «Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»

 Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев

Құрметті сайлаушылар!

 Мен, Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы, 1967 жылғы 19 қаңтарда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келдім. Өмірімнің 36 жылға жуық кезеңі Сарқан қаласымен байланысты.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымда жауапкершілік, мұқияттылық және жүйелі жұмыс істеу қағидаттарын басшылыққа алдым.

Сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтарына негізделген. Депутаттық қызметімде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге және атқарылған жұмыстар туралы ашық есеп беруге басымдық беремін.

Басты мақсатым – тұрғындардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, Сарқан қаласының өзекті мәселелерін көтеру және оның тұрақты дамуына үлес қосу.

Құрметпен, Талғат  Аязбаев.

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ

Қала көшелері мен үшінші сайлау округіндегі жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтап, оларды жөндеу кезектілігі бойынша ұсыныстар енгіземін. Жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті жол учаскелерін ретке келтіру мәселесін көтеремін.

2. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Тұрғындарды тұрақты ауызсумен қамтамасыз ету, коммуналдық желілерді жөндеу, электр энергиясының үздіксіз берілуі және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етемін.

Сарқан қаласы мен ауылдық елді мекендерде сыртқы жарықтандыру желілерін орнату және кеңейту, электрмен жабдықтау сапасын жақсарту мәселелеріне назар аударамын.

Сарқан қаласында сыртқы инженерлік желілер мен абаттандыру жұмыстарын қоса алғанда, 5 қабатты, 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй салу жобасының жүзеге асуына ықпал етемін

   3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ

Шағын және орта бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті және жергілікті өндірісті дамытуға қолдау көрсетемін. «Іскер аймақ» және «Ауыл аманаты» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несие мен мемлекеттік қолдау алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін.

Жергілікті кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарды мәслихат деңгейінде көтеремін.

  «Мықты өңірлер – мықты ел!

    4. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Жол картасында көзделген кемінде 4,5 мың адамды жұмыспен қамту және жыл сайын кемінде 900 адамның жұмысқа орналасуына жағдай жасау жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Жастарды, әйелдерді және еңбек нарығында қосымша қолдауды қажет ететін азаматтарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын қолдаймын.

   5. САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру мақсатын қолдаймын. Осы бағытта тұрғындар арасында профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің және аурулардың алдын алудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған бастамаларды қолдаймын.

   6. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Балабақшалардағы орын тапшылығын азайту және мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеремін. Мектептердегі орын тапшылығына, ғимараттардың жай-күйіне және оқу кабинеттерінің жабдықталуына назар аударып, қажетті шаралардың қабылдануына ықпал етемін. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының қолжетімділігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту жөнінде ұсыныстар енгіземін.

Мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша орындар ашуға және 2030 жылға қарай кезекте тұрған 2–6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамтуға бағытталған жұмыстарға ықпал етемін.

М.Тынышбаев атындағы орта мектебіне ағымдағы жөндеуіне Алмалы орта мектебіне күрделі жөндеуіне қаражат бөлінуіне ықпал етемін.

   7. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Ұзақ мерзімді күтімді қажет ететін қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік сүйемелдеу, патронаждық қызметтер және қашықтан медициналық кеңес алу мүмкіндіктерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік, көлік және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстарына атсалысамын. Отбасыларды қолдау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік осал топтардың қоғам өміріне белсенді қатысуына бағытталған жобаларды қолдаймын.

   8. САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Байланыс сапасы төмен аумақтарды анықтап, осы мәселені тиісті байланыс операторлары мен жауапты органдардың алдында көтеремін. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануына, цифрлық сауаттылығын арттыруына және онлайн қызметтерді өз бетінше алуына қолдау көрсетемін.

   9. ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2026–2031 жылдар аралығында отырғызылатын көшеттердің жалпы санын кемінде 12,5 мыңға жеткізу көзделген. Осы бағытта көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау және жасыл аймақтарды сақтау жұмыстарына атсалысамын. Округ аумағындағы көшелердің, аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, қоқысты уақытылы шығаруға және абаттандыру жұмыстарын жақсартуға басымдық беремін.

   10. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Округ аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етемін. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыруды жақсарту және қажетті орындарға бейнебақылау жүйелерін орнату мәселелерін тиісті органдар алдында көтеремін.

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға ерекше назар аударамын.

Халықтың үні – менің басты бағдарым!

Сеніміңізді ақтау – менің міндетім!

Ауданының өркендеуі – ортақ мақсатымыз!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы – күнделікті адал еңбегімен, жауапкершілігімен және туған жеріне деген жанашырлығымен өңірдің дамуына үлес қосып жүрген адамдар.

Әрбір елді мекеннің өркендеп, әр отбасының лайықты өмір сүруіне қажетті жағдай жасалуы маңызды. Сапалы жолдар, қолжетімді медициналық көмек пен білім беру, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер – баршамыз үшін маңызды басымдықтар. Олардың жүзеге асуы жүйелі жұмыс пен нақты нәтижені талап етеді.

Кез келген мәселенің шешімі уақыт пен бірлескен күш-жігерді қажет ететінін жақсы түсінемін. Сондықтан тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге, олардың мүддесін қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге күш саламын. Өйткені халықтың сенімі құр сөзбен емес, нақты іспен ақталуы тиіс.

Ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, әрбір тұрғынға еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашаққа сеніммен қарауға қолайлы аудан қалыптастыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ

Әділдік пен тең көзқарас. Әрбір тұрғынның пікірі мен мүддесін ескеріп, барлық елді мекенге бірдей көңіл бөлу.

Адалдық пен жауапкершілік. Еңбек адамын құрметтеу, уәдеге берік болу және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу.

Ашықтық пен сенім. Халықпен тұрақты байланыс орнатып, көтерілген мәселелерді ашық талқылау және олардың шешілуіне ықпал ету.

Нақты іске бағдарлану. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына мұқият қарап, депутаттық өкілеттігім аясында тиімді шешімдер табуға күш салу.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 Дайындаған: «Айару» ЖК

 Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй

  Таралымы:1000 дана.

Тапсырыс беруші: Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы          

Сарқан аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Мәліметпен бөлісу: