
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Дармишев Ерлан
Ерұзақұлы
Бірмандатты сайлау округі № 8
«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев

Құрметті сайлаушылар!
Мен, Дармишев Ерлан Ерұзақұлы, 1972 жылы 27 қарашада Сарқан ауданы Пограничник ауылында дүниеге келдім. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмәмдап, инженер педагог мамандығын алып шықтым. Білім саласында еңбек етіп, Сарқан қаласының политехникалық колледжін басқарып келемін. Сенімім берік: әр бала – үлкен мүмкіндікке лайық.
Колледжді басқарудағы қағидам – мәселені жасыру емес, дерекке сүйеніп шешу. «Сандық басқару» мен «Жан дауысы» жобалары арқылы ашықтыққа, ұстазды қолдауға және бала қауіпсіздігіне басымдық бердім.
Ауылдардағы мектептердің жабдықталуы, медицинаның қолжетімділігі, көше жарығы, абаттандыру, ауыл шаруашылық өнеркәсібі, ішкі жолдар, мәдениет үйі құрылысы, спорттық алаңдар және ойын алаңы құрылысы өзекті. Бұл мәселелердің шешімін ашық бақылауды мақсат етемін.
Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдарымен қатар, Амангелді және Көктерек ауылдық округтерінің даму құжаттарында көрсетілген нақты нысандардың орындалуын қоғамдық және депутаттық бақылау міндеттері қамтылды.
Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Депутаттық бақылау, ашық есеп және тұрғындармен тұрақты байланыс – жұмыстың басты өлшемі.
Ең үлкен баға – округ тұрғындарының сенімі. Ең маңызды нәтиже – ауыл өміріндегі оң өзгеріс.
Құрметпен, Дармишев Ерлан
«Мықты өңірлер – мықты ел!
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
1.ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
2027 жылы Амангелді ауылдық округіне қарасты Қарауылтөбе ауылының 2,766 км жолдарын, нақты айтсам Т. Арын және Он екі көшелерінің жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Көктерек ауылының Уалиханова, Ақын Сара, Абжанов көшелерін жөндеуге ықпалдасамын.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Пограничник ауылында сыйымдылығы 120 орындық блочно-модульдік мәдениет үйі, балаларға арналған ойын алаңы және де оқушылар мен жас өспірімдерге арналған спорт алаңын салуға ат салысамын.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Округтердегі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Ауыл кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету, сауда және жаңа өндіріс жобаларына жағдай жасауды қолдаймын.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Округтерге қарасты ауыл шаруашылық өнеркәсібін дамытуға, жеңілдетілген несиелер, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша толықтай қолдау көрсету жұмыстарының орындалуын бақылауға мән беремін.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
Округтерге қарасты ауылдардағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Округтерге қарасты ауылдарда орналасқан денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті мамандарды тартуға, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Ауылдардағы мектептердің құрал-жабдықтарын жаңарту, кейбір мектептерді орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, ойын алаңдарын салуға көңіл бөлемін.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуын қолдаймын.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Мектептердегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ЕЛДІ МЕКЕН
«Таза Қазақстан» аясында ауыл көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырымыз. Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерге ағаштар отырғызу және күтіп баптауға аса мән беремін.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
Бала болашағы – басты басымдық!
Әр шешім – халық игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Амангелді және Көктерек ауылдық округтері – Сарқан ауданының әкімшілік әрі қоғамдық орталығы. Округтердің дамуы әр тұрғынның тұрмыс сапасынан, қауіпсіз орта мен нақты атқарылған жұмыстан көрінеді.
Округтерге қарасты әр елді мекендердегі мектептер, емдеу мекемелері, жолдар, көше жарығы, мәдениет үйлері, абаттандыру, спорт және ойын алаңдары тұрақты назарда болуы тиіс. Әр отбасы жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге лайық.
Депутаттық жұмысымның өлшемі – тұрғындардың нақты мәселесін көтеру, Амангелді және Көктерек ауылдық округтерінде жоспарланған нысандардың мерзімін, сапасын және бюджет қаражатының жұмсалуын ашық қадағалау.
Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! Үшаралдың жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділет – Амангелді және Көктерек округінің әр тұрғынына тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешімін соңына дейін қадағалау – менің берік ұстанымым.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Дайындаған:: «Айару»ЖҚ
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй
Таралымы: 1000 дана
Тапсырыс беруші: Дармишев.Ерлан .Ерұзақұлы.
Қаржыландыру көзі: Сарқан аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді
